Жол бойында жүк көлігі тіркемесінің 24 дөңгелегі өртеніп кетті – видео
Жол бойында жүк көлігі тіркемесінің 24 дөңгелегі өртеніп кетті – видео
Фото: ТЖД-нен алынды
160
оқылды

Атырау облысында жүк көлігі тіркемесінің 24 дөңгелегі өртенді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жүк көлігінің тіркемесі 2 наурызда «Доссор-Құлсары» жолында өртенген.

«Таңертеңгі сағат 7:24-те жолдың 63-шақырымында «SCANIA R-500» маркалы жүк көлігінің тіркемесінен өрт шыққан. Тіркемеге тиелген кранның диаметрі 1 219 мм болатын 2 бекіткіші өртенді. Бұған қоса, тіркеменің 24 дөңгелегі жанып кетті. Өрт сағат 08:47-де оқшауланып, сағат 09:07-де сөндірілді», – деді департамент өкілі.
Өрт тіркемедегі дөңгелектен тұтанған. Өртті 4 қызметкер 1 техниканың көмегімен сөндірді.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Atyrau oblysynyn TJD (@atyrau_tjd)

Бұған дейін мақта тиелген жүк көлігі жанып кеткенін хабарлаған болатынбыз.