Зеленский Ресейге үндеу жолдады
Зеленский Ресейге үндеу жолдады
Украина президенті Владимир Зеленский украиндықтарға үндеу жолдап, жеңісті қолдан бермейтіндерін айтты. 
"Ресейдің Украина қалаларына зымыран ұшыруы –  біздің жерімізде айтарлықтай маңызды ештеңе жасай алмағандығын мойындауы. Қорғанысымыздың барлық желісін сақтап қалдық. Стратегиялық бағыттардың ешқайсысында жауымыз жеңіске жеткен жоқ", – деді Зеленский.
Украина президенті "әскери операция" салдарынан қирап қалған қалаларды қалпына келтіретінін айтты.
"Ресейге айтарымыз: репарация және контрибуция сөздерін үйрене беріңіздер. Мемлекетімізге қарсы, әрбір украинға қарсы жасаған барлық істеріңізді толық көлемде өтейсіздер", – деді ол.
Бұған дейін Зеленскийдің Украина-Ресей келіссөздерінің нәтижесі туралы не айтқанын жазған болатынбыз.