Ресей мен Украина арасындағы екінші келіссөз басталды
Ресей мен Украина арасындағы екінші келіссөз басталды
364
оқылды
Беларусьте Ресей мен Украина делегацияларының келіссөзі басталды. Келіссөзге қатысушылар қол алысты – кездесу басталды, деп хабарлады Sputnik Беларусь.
 Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединскийдің айтуынша, екінші келіссөз Брест облысының аумағында өтеді.
28 ақпанда Беларусь аумағында Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздің бірінші кезеңі өтті. Ресей делегациясын президенттің көмекшісі Владимир Мединский бастап барды. Сонымен қатар істер министрінің орынбасары Андрей Руденко, қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин, Мемлекеттік Думаның халықаралық комитетінің басшысы Леонид Слуцкий және Ресейдің Беларусьтегі елшісі Борис Грызлов барған.
Киев жағынан қорғаныс министрі Алексей Резников, «Слуга народа» фракциясының басшысы Давид Арахамия, сыртқы істер министрінің орынбасары Николай Точицкий, президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк, жоғарғы рада депутаты Рүстем Умеров, үшжақты байланыс тобындағы Украина делегациясы басшысының бірінші орынбасары Андрей Костин барды.