Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаевтың атына көше беруге қарсы шықты. Бұл туралы журналист Анар Төлеухан Facebook-тағы парақшасында жазба жариялады.
«Златополье, Савинка, Сосновка, Дмитриевка, Сотниковка, Николаевка, Вишневка, Успеноюрьевка, Брусиловка, Клинцы, Красный Кордон, Зеленый бор, Лесной хутор, Новоандреевка бұл бір ғана Бурабай ауданындағы ауылдардың аттары. Бұл – Ресей емес, Қазақстан. Жалпы, Ақмола облысын көлікпен араласаңыз (қараңызшы бәрі орысша) Степногор қаласы, Целиноград, Астрахан аудандарын басып өтіп, Щучинск, Балкашино, Державинка, Степняк қалаларына жеткенше Константиновка, Бауманское, Михайловка, Ярославка, Малотимофеевка, Малиновка, Капитоновка және тағы да басқа көптеген «-вка» ауылды көресіз. Бейне бір жат елде, жат жерде жүргендей боласыз.Бұған дейін Қарағандыда Октябрь ауданына Әлихан Бөкейханның есімі берілгенін хабарлаған болатынбыз.