Түрік тілінде Бауыржан Момышұлы туралы жаңа кітап жарық көрді 
Түрік тілінде Бауыржан Момышұлы туралы жаңа кітап жарық көрді 
546
оқылды

Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен, түрік ғалымы Ашур Өздемірдің, Кеңес Одағының батыры, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты қолбасшысы, әскери стратег және белгілі жазушы Бауыржан Момышұлының өмір жолын қамтыған «Түркістанның от баласы Бауыржан Момышұлы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға түрік зиялы қауым өкілдері, қазақ және түрік студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

   width= Жиында сөз сөйлеген Қазақстаннның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы екенін атап өтті. Сонымен қатар еліміздің егемендігін алғаш болып мойындаған бауырлас Түркияның Қазақстан үшін орнының ерекше екеніне назар аударды. Осыған байланысты елші Түркияда көптеген іс-шаралардың өткізілгенін еске салып, бүгінгі іс-шараның да тәуелсіздік мерейтойына және қазақтың біртуар батыры әрі жазушысы Бауыржан Момышұлының рухына тағзым екенін айтты.    width=
«Момышұлы – Кеңес Одағының азаматы және Қызыл армия қолбасшысы. Дегенмен де ол өмір бойы ұлттық болмысын сақтап, ұлттық рухын биік көтеріп өткен өз халқының бел баласы. Сондықтан ол сол кезеңде жаппай қолданылатын –ов жұрнағын тегіне алмай, ұлы сөзін қолданып, «Момышұлы» тегін мақтанышпен алып жүрген нағыз қаһарман», – деді Абзал Сапарбекұлы.
Іс-шарада сөз сөйлеген аталған шығарманың авторы белгілі ғалым, түрік тілі мен әдебиетінің оқытушысы және аудармашы Ашур Өздемір Түркістанның жүрегі – Қазақстан мемлекетінің тарихына, оның мәдениеті мен әдебиетіне тоқталып өтіп, әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Абай, Баласағұн сияқты ұлы даналардың мекенінде дүниеге келген Бауыржан Момышұлының кім болғаны, оның өмірі, соғыс кезіндегі бастан кешірген оқиғалары мен соғыстан кейінгі жазушы ретіндегі өмірі туралы кеңінен баяндады. Еске сала кетсек, Ашур Өздемірдің қазақ тілі мен әдебиеті және мәдениетіне байланысты мақалалары ғылыми журналдар мен баспасөз беттерінде жарияланып тұрады. Сонымен қатар, Өздемірдің Абай Құнанбайұлы, Әлихан Бөкейханов, Тұрар Рысқұлов, Шерхан Мұртаза сияқты белгілі тұлғалардың шығармаларын зерттеп, түрік тіліне аударып жүрген қаламгер-ғалым. Тұсаукесер үстінде Б.Момышұлының өз даусымен түсірілген қысқаша деректі фильм көрсетілді. Жиналған қауым бұл фильмнен терең әсер алып, Момышұлын одан әрі тани түсті. Жиында Анкарадағы білім алып жүрген докторант Ғайнолла Алматовтың орындауында қазақтың күйі орындалды. Ашур Өздемірдің  бұл еңбегі  атты кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Бауыржан Момышұлының отбасы, балалық шағы, мектеп шағы мен әскерлік өмірі, әскер соңындағы өмірі, бойындағы адами қасиеттері туралы баяндалады.    width= Екінші бөлімде Бауыржан Момышұлының түйген ой-пікірлері, қазақ әдебиеті туралы  көзқарастары және әдеби аудармалар мен тілге және қазақ тарихына, отансүйгіштік және ұлтжандылық, ана мен отбасы туралы ой-пікірлері айтылады.

Үшінші бөлімде өмірінің әдебиетке байланысты көзқарасы, жазған шығармалары, әскери шығармалар, өлеңдері, мақал-мәтелдер, жазған хаттары  мен  түрлі баспасөз беттерінде жарық көрген  мақалалары, әскери  естеліктері, саяхаттан алған әсері баяндалады.