Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстанда 8 халықаралық ақша аударымы жүйесі (Золотая корона, Вестерн Юнион, Юнистрим, Contact, Faster, MoneyGram және басқалар) жұмыс істейді.
Осы жүйелер арқылы жіберілген ақша аударымдарының жиынтық көлемі 2021 жылы 1,364 трлн теңге болды. Транзакциялар саны – 4,3 миллион. 2020 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 21%-ға өскен. Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдарының көлемі 28,3%-ға артса, шетелден Қазақстанға – 1,2%-ға қысқарды. Ел ішіндегі ақша аударымдарының көлемі 35,4%-ға ұлғайып, 70,4 млрд теңге болды.Бұған дейін Қазақстаннан шетелге ақша аудару үш есе көбейгенін жазған болатынбыз.