Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Сыртқы істер министрлігі және үшінші елдің мемлекеттік органдарының көмегімен Украинадан Қазақстанға тиесілі 23 жүк көлігі шығарылды. Тағы 7 жүк көлігі Польша шекарасында тұр, – деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
26 жүк көлігі Украинаның орталық және шығыс аймағында қалып отыр. Ол жүргізушілерге де қолдау көрсетіліп жатыр.Кеше вице-министр Берік Камалиев Польшаның инфрақұрылым және құрылыс министрі А.Адамчикпен телефонмен сөйлесіп, жүк тасымалында туындаған жағдайды талқылады.Сондай-ақ ИИДМ-де жүк тасымалдау саласындағы мәселелер бойынша жедел штаб құрылды. Оны министр Қайырбек Өскенбаев басқарады.
ИИДМ Ахуалдық орталығы базасында жедел желі ашылды. Сұрақтар бойынша Call-орталыққа +7 708 088 0 800; +7 (7172) 98-35-35 нөмерлеріне қоңырау шалуға, сондай-ақ, + 7 708 088 0 800 WhatsApp нөміріне жазуға болады.