Алматы-Қапшағай тас жолында тізіліп тұрған әскери техниканың видеосы тарады

Алматы-Қапшағай тас жолында тізіліп тұрған әскери техниканың видеосы тарады

Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желіде тараған Алматы-Қапшағай тас жолында тізіліп тұрған әскери техниканың  видеосына қатысты түсініктеме берді. 
«Алматы-Қапшағай» тас жолындағы әскери техниканың жүріп-тұруы Қазақстан Қарулы күштерінде жоспарлы түрде өтетін жауынгерлік даярлық іс-шараларымен байланысты. Жеке құрам мен әскери техника полигоннан тұрақты орналасқан жеріне жіберілді", - делінген хабарламада.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, биылғы жылдың 25 ақпаны мен 3 наурызы аралығында Қарағандыдан Гвардейск гарнизонына, сондай-ақ Алматыдан Ақтау гарнизонына әскери техника жіберілді.
"1-4 наурыз аралығында Шымкенттен Таразға, Түркістанға, «Айша-бибі» полигонына және кері бағытта Қарулы күштерге тиесілі техникалардың қозғалысы жоспарланып отыр. Сонымен бірге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін әскери техникаларды теміржол көлігімен Батыс Қазақстаннан елдің оңтүстік бөлігіне жоспарлы түрде жеткізу де іске асырылады. Қорғаныс министрлігі Әскери колледжінің оқушыларына практикалық сабақтар өткізу мақсатында Семей гарнизонынан Щучинск қаласына әскери техника жөнелтілді", - делінген министрліктің ресми түсініктемесінде.
Сонымен қатар, әлеуметтік желі пайдаланушылары Алматы қаласынан байқаған әскери техниканың Қорғаныс министрлігіне қатысы жоқ.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі әлеуеттік желіде Украинаға әскери техниканың жіберіліп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от интернет-СМИ «kris_p_brothers» (@kris_p_brothers_official)