Қазақстанның қорғаныс министрлігі Украинаға әскери техника жіберіп жатқаны туралы хабарлама тарады
Қазақстанның қорғаныс министрлігі Украинаға әскери техника жіберіп жатқаны туралы хабарлама тарады
© әлеуметтік желіден алынды
276
оқылды
Қазақстанның қорғаныс министрлігі әлеуметтік желідегі парақшасында еліміздің Украинаға әскери техника жіберіп жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған қазақстандық әскери қызметшілер мен әскери техниканы Украинаға жіберу туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери контингентін жіберу туралы шешімді ел Президентінің тиісті ұсынысы негізінде Парламент қабылдайды. Парламенттің тиісті қаулысы қабылданғанға дейін Қорғаныс министрлігінің әскери контингентті қандай да бір мемлекетке жіберуге өкілеттілігі жоқ. Қорғаныс министрлігі аталған мәселе бойынша келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ, - делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, жеке құрамды ауыстыруға, оқытуға, жаттықтыруға қатысты Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік даярлығын арттыру шаралары жоспарлы түрде жүргізіледі.
"25 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қарағандыдан Гвардейск гарнизонына, сондай-ақ Алматыдан Ақтау гарнизонына әскери техника жіберілгенін еске саламыз. 2022 жылғы 1-4 наурыз аралығында Шымкенттен Таразға, Түркістанға, «Айша-бибі» полигонына және кері бағытта Қарулы күштерге тиесілі техникалардың қозғалысы жоспарланып отыр. Аталған кезеңде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін әскери техникаларды темір жол көлігімен Батыс Қазақстаннан елдің оңтүстік бөлігіне жоспарлы түрде жеткізу жүзеге асыралады", - делінген ақпаратта.