Алматы полициясы жол бойына ақша шашқан жүргізушіні іздестіріп жатыр
Алматы полициясы жол бойына ақша шашқан жүргізушіні іздестіріп жатыр
142
оқылды
Алматыда полицейлер жол бойына ақша шашқан жүргізушіні іздестіріп жатыр. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті басшысының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-дағы парақшасына жазды деп хабарлайды tengrinews.kz. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады.
«Алматылық жігіт жүріп келе жатып екі миллион теңгесін шашып алды. Ақшасын көрсетіп мақтанғысы келді, бірақ жүзеге аспады», - деп жазды видеоның сипатамасында.
Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов жүргізушінің іздестіріліп жатқанын мәлім етті.
«Жүргізуші өз іс-әрекеттерімен жолда апаттық жағдай туғызды. Сонымен қатар көлік жүргізу кезінде тәртіптің сақталуына назар аударған жоқ, демек бұл қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін еді. Видеоның астындағы белгілердің арқасында біз бұл фактіні есепке алдық және құқық бұзушыны іздеп жатырмыз. Жол бойында мұндай мінез-құлыққа жол берілмейтіндігін еске саламын», – деді Алматы ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.