Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады-07.03.2022
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады-07.03.2022
121
оқылды
Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі.

Түнде 07 наурызда Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

7 наурызда Ақтөбе облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

07 наурызда Ақмола облысының басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Көкшетау қ.: 07 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.

07 наурызда Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с сақталады. Қызылорда қ.: 07 наурызда жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с сақталады.

07 наурызда Ақмола облысының басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Нұр-Сұлтан қ.: 07 наурызда кей уақыттарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

07 наурызда Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Тау асуларында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 07 наурызда кей уақытта найзағай күтіледі.

07 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 07 наурызда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

07 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Өскемен қ.: 07 наурызда жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан күндіз екпіні 15-20 м/с соғады. Семей қ.: 07 наурызда жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с соғады.

07 наурызда Қостанай облысының батысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жая бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, күші 15-20, екпіні 23 м/с.