Биыл 17-ші рет өткізілген Sony World Photography Awards байқауына ұсынылған фотосуреттерді жақында newatlas.com сайты жариялады. Сайтта берілген фото туындылардың ең үздіктерін Aikyn.kz өзінің қымбатты оқырмандарымен бөліседі.
Мына шынайы көрініске таңданбай көріңіз. Оңтүстік Вьетнамдағы ең биік таңғажайып Баден тауының төбесінде буддистердің қасиетті Бодхисаттванының үлкен мүсіні тұр. Фото newatlas.com сайтынан алынды. Авторы: Tran Tuan Viet, Vietnam. Sony World Photography Awards 2024 байқауының жеңімпазы
Әлемдегі фотосуреттер байқауының ішінде Sony World Photography Awards марапаты кәсіби фотографтар үшін мәртебелі саналады. Ондағы жеңімпаз фото туындылар, бүкіл әлемдегі аудиторияда резонанс тудыратын қуатты фотосуреттер ерекше көңіл күй сыйлайды. Байқаудың биылғы жеңімпаздары туралы мәліметтер мен үздік жұмыстар галереясы төменде берілген.
Беделді «Жыл фотографы» сыйлығы, соның ішінде 25 000 АҚШ доллары және Sony фотоаппараты француз әйелі Джульетта Павиге берілді.
Ай мен дрондар жарығымен жалтыраған жартастар. Шотландиядағы Скай аралындағы «Сторрдың қарт адамы» деп аталатын жартастар, тау пейзажы мен қысқы аспан ерекше көрсетілген. Түсірілім түнде жасалған, қатты қарлы боран кезінде дрон шамдары мен көтеріліп келе жатқан айдың жарығы пайдаланылған. Фото newatlas.com сайтынан алынды. Авторы: Liam Man, United Kingdom. Sony World Photography Awards 2024 байқауының жеңімпазы
Биылғы байқауға ұсынылған суреттер таңдауы таза пейзаждардың, таңғажайып жануарлардың және өз өмірін басқаратын ерекше адамдардың керемет қоспасын көрсетеді. Лиам Манның «Сторр үстіндегі Айдың шығуы» атты туындысы Шотландиядағы «Сторрдың қарт адамының» дрондарға бекітілген қуатты шамдармен жарықтандырылған жартас пішінін бейнелейді.
Лиам Мэн осы еңбегі үшін «Жылдың ашық фотографы» деп танылған. Бұл таңғажайып сурет Шотландиядағы Скай аралындағы «Сторрдың қарт адамы» деп аталатын жартас түзілімін түсіріп, тау пейзажы мен қысқы аспанды ерекше көрсетеді.
Түсірілім қиын болған, фотограф түсірілімді түнде жүргізген, ол қатты қарлы боран кезінде дрон шамдарын да, көтеріліп келе жатқан айдың да жарығын қолданған.
Құлап қалма, досым... Мына фото көріністе Катар елінің екі өкілі ат құлағында ойнайтындарын дәлелдемекші. Қазақтың шабандоздарынан кім асып түсер екен?! Авторы: Abdulla Al-Mushaifri, Qatar. Sony World Photography Awards 2024 байқауының жеңімпазы
Жаяу жүргіншілердің қауіпсіз айналма жолы. Шанхайдағы айналма жолдың көрінісі ғажап өрнектерімен қызықтырады. Жол үстіндегі қытай иероглифтері, жаяу жүргіншілердің биікте салынған айналма жолы өмірдегі тынымсыз қозғалысты көрсетеді. Фото newatlas.com сайтынан алынды. Авторы: Lim Chien Ting, Malaysia. Sony World Photography Awards 2024 байқауының жеңімпазы
Қызыл түске боялған, қасірет мұнарасы. Бұл – біздің Семей полигоны. Қасіреті мен қайғысы мол қазақ жерін түсірген фотограф қорғаныс костюмін киген жалғыз адамның сұлбасы арқылы осы жердің барлық трагедиясын бере алғандай. Фото newatlas.com сайтынан алынды. Авторы: Eddo Hartmann, Netherlands. Sony World Photography Awards 2024 байқауының жеңімпазы
Біз таңдаған келесі туындының авторы британдық фотограф Ян Форд. Оның фото суреті «Сағы сынған Қолтырауын» деп аталады. Фото Бразилиядағы Сан-Лоренсу өзенінде түсірілген және ягуардың (теңбілшер) қолтырауынды желкесінен тістеп ұстағаны бейнеленген. Ягуар шабуылы, оның көздері, өткір тістерімен қолтырауынды ұстауы, қолтырауынның дәрменсіздігі нағыз драма түрінде көрсетілген. Өте сәтті кадр деп санаймыз.
Желкеңнен алып, осылай сығымдасам қалай болады? Сан-Лоуренсо өзеніндегі шытырман оқиғаның куәсі болыңыз. Бұл қойылым емес, нағыз жабайы аңдардың әлемі. Фото newatlas.com сайтынан алынды. Авторы: Ian Ford, United Kingdom. Sony World Photography Awards 2024 байқауының жеңімпазы
Ұлыбританиядан келген Ян Форд «Табиғат әлемі және жабайы табиғат» номинациясында «Кайманның қирауы» атты фотосуреті үшін жеңімпаз атанды. Бразилиядағы Сан-Лоуренсо өзенінде түсірілім жасап жүрген фотограф шытырман оқиғаларды басынан кешіреді. Осы оқиғалардан аман шыққан оған жақын жерде өзен жағалап ягуар жүргені айтылады. Кәсіби фотогораф оқиға орнына жүгіріп бара жатып, өзінің олжасын аңдып келе жатқан ұрғашы ягуарды көреді. Ары қарай сирек кездесетін оқиғаның куәсәі болады. Ягуар еш іркілместен қолтырауынға (кайман) шабуыл жасап, оның мойын тұсынан семсердей азу тістерімен тапжылтпай ұстайды.
Аралдағы шағын ауылдың өмірі сізде романтикалық сезімдер туғызары анық. Үлкен жердегі өрт те оларға қауіпті емес шығар. Фото newatlas.com сайтынан алынды. Авторы: Yan Li, China Mainland. Sony World Photography Awards 2024 байқауының жеңімпазы
Бір ғана фото сурет арқылы бірнеше адамның тағдырын көрсетуге болады. Осы сурет соны дәлелдейді. Алдыңғы қатардағы үш кептірілген өрік сатушының, артқы пландағы екі адамның мінезі, өмірі мен қазіргі көңіл күйлері әртүрлі екенін бір ғана суреттен байқаймыз. Фото newatlas.com сайтынан алынды. Авторы: Ian Ford, United Kingdom. Sony World Photography Awards 2024 байқауының жеңімпазы
Бұл суретке мұқият қараңыз. Ұйқыдағы сәбиді көрдіңіз бе? Фото newatlas.com сайтынан алынды. Авторы: Mitul Kajaria, India. Sony World Photography Awards 2024 байқауының жеңімпазы
Бұл Sony World Photography Awards 2024 байқауы жеңімпаздарының фото суреттері. Әрбір фото жеке тағдыр, жеке эмоциялар екенін көрдік. Оның біреуін кездейсоқтық деп немесе арнайы қойылыммен түсірілген деп бөліп жатудың өзі қиын.
Жеңімпаз атанған жұмыстардың барлығында адамды қоршаған ғажайып әлем, таңғалдыратын пейзаждар мен шытырман оқиғалар желісі бар.
Бұдан шығатын бір ғана қорытынды бар. Адамзат баласы бір-біріне, өзін қоршаған сұлу табиғат әлеміне аса жауапкершілікпен қарап, сыйлап, қорғап жүргені маңызды.