Шығыс Қазақстанда қар көшіп, жол жабылып қалды

Шығыс Қазақстанда қар көшіп, жол жабылып қалды

Шығыс Қазақстан облысында күн жылынып, жаңбыр жауған. Нөсер жауын салдарынан көлемі 1250 текше метр қар көшті.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 6 наурыз күні сағат 18:40-та Қатонқарағай ауданында «Согорное-Барлық» жолының 16-шақырымында болған. Қар көшкіні жолды жауып тастады. Зардап шеккендер жоқ. «Қазселденқорғау» мен Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қар көшкіні қаупі бар екенін ескертеді.