Ресей Украинада тыныштық режимін жариялады
Ресей Украинада тыныштық режимін жариялады
РИА Новости / Илья Питалев
Ресейдің Қарулы күштері Украинада алты гуманитарлық дәліз ашты.  Соның ішінде Киевтен Беларусьтің Гомель қаласына да ашты, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенков, - деп жазады РИА НОВОСТИ.
"Бүгін Украинада Мәскеу уақытымен таңғы сағат 10-нан  "тыныштық режимі" жарияланды және 6 гуманитарлық дәліз  ашылды: біреуі Киевтен Гомельге; екеуі Мариуполден — Запорожье  мен Ростов-на-Донуға; біреуі  Харьковтен Белгородқа; екеуі Сумнан Белгород пен Полтаваға", — деді ол.
Бұған дейін Украина мен Ресейдің келіссөздерінің екінші кезеңінде екі тарап келісімге келгенін жазған болатынбыз.