Украина-Ресей келіссөздерінің екінші кезеңінде екі тарап келісімге келді
Украина-Ресей келіссөздерінің екінші кезеңінде екі тарап келісімге келді
© ulysmedia.kz
220
оқылды
РФ Президентінің көмекшісі, Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский Украина тарапымен болған келіссөздердің екінші кезеңінің нәтижесі бойынша бірқатар келісімге келгендерін айтты. Екі тарап халыққа гуманитарлық дәліз құру туралы келіскен, – деп хабарлады ТАСС Оның айтуынша, шешілген басты мәселе – бұл қақтығыс аймағында қалған адамдарды, азаматтық тұлғаларды құтқару. Сондықтан Украина және Ресей Қорғаныс министрліктерінің өкілдері гуманитарлық дәліз аумағындағы халықты шығару кезінде соғысты тоқтатып, гуманитарлық дәлізді қолдау форматы туралы туралы келісті. Мединский бұны прогресс деп атады. Мединскийдің айтуынша, келіссөзде тараптар әскери, халықаралық-гуманитарлық және қақтығысты саяси реттеу мәселелерін талқылаған.
 "Ұстанымдар түсінікті, бөліктерге бөлініп жазылған. Осы бөліктер бойынша өзара келісімге келдік", – деді ол. "РФ соғыс жағдайына тап болған тұлғаларды гуманитарлық дәліздерді пайдалануға  немесе әскери қақтығысты тоқтату үшін қолдан келген мүмкіндікті жасауға шақырады", – деп аяқтады сөзін  Мединский.