Паралимпиада-2022: Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті
Паралимпиада-2022: Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті
©Reuters
259
оқылды

Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиадада қазақстандық парабиатлоншы Александр Герлиц қола медальге қол жеткізді.

10 шақырымға созылған сайыста Александр 3 рет ғана нысанаға дөп тигізе алмадыі. Александр Герлиц турнирдің чемпионы канадалық спортшы Марк Арендцтен бір жарым минутқа жуық уақытқа жеңілді. Күміс медаль украиндық спортшы Григорий Вовчинскийге бұйырды. Герлиц Қазақстан құрамасына алғашқы медальді сыйлады. Командалық бейресми есепте Қазақстан 17 орыннан көрінді. Топ басында Паралимпиада-2022 қожайындары Қытай елі жайғасты. Олардың еншісінде 8 алтын, 8 күміс, 10 қола бар. Естеріңізге сала кетейік ақпан айында Бейжіңде өткен Олимпиадада Қазақстан құрамасы бірде бір медаль алмаған болатын.