Қола жүлдегер Александр Герлиц қанша сыйақы алады?
Қола жүлдегер Александр Герлиц қанша сыйақы алады?
225
оқылды
Қазақстандық биатлоншы Александр Герлиц Паралимпиада-2022 ойындарындағы қола  жүлдесі үшін 38 миллион теңге алады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Александр Герлиц 10 шақырым (LW6) қашықтықта бақ сынап, үшінші болып келді.Бас жүлде канадалық Марк Аренаға бұйырса, екінші орынды украиналық Григорий Вовчинский иеленді. Осы жеңісі үшін қазақстандық спортшы мемлекеттік бюджеттен 75 мың доллар немесе 37 миллион 700 мың теңгеге жуық сыйақы алады алады. Бұған дейін Президент Тоқаев Паралимпиада-2022 ойындарының қола жүлдегері Александр Герлицті құттықтаған еді.