Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
303
оқылды
Қазақстан футбол федерациясы Андрей Карповичті жуық арада ресми түрде таныстырады. Андрей Карпович Қазақстан құрамасын ұлттар лигасында Молдоваға қарсы іріктеу ойындарына дайындайды. Аталған кездесулер 24 және 29 наурыз күндері өтеді. Андрей Владимирович бұған дейін «Қызыл-Жардың» бас бапкері болды. Ол сондай-ақ «Оқжетпесті» футбол клубын жаттықтырған.
Карповичті қазақстандық жанкүйерлер футболшы ретінде де жақсы таниды. Ол уақытында «Елім-ай», «Ертіс», «Қайрат», «Локомотив», «Ордабасы», «Шахтер», «Атырау», «Алтай», сонымен қатар ресейлік «Ростсельмаш» пен «Динамо» командаларында ойнады.