Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Ресей жаһандық желіден ажыратылғанда бұл жағдай Қазақстандағы интернетке қалай әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Парламент Мәжілісінде тілшілер вице-министрден Ресейді жаһандық желіден ажыратқан жағдайда бұл мәселе Қазақстанға қалай әсер ететінін сұрады. Бұл көтеріліп отырған сұрақ қауесет болуы мүмкін екеніне тоқталған Асхат Оразбек Қазақстанда Ресейден бөлек түрлі түйісетін торабы бар екенін жеткізді.
«Қазіргі кезде Қазақстанда интернетке қатысты күрделі проблемалар болмайды. Яғни еліміздің интернеттен толықтай ажырап қалуы қаупі жоқ. Бұл жайында алаңдаудың реті жоқ десек болады», - деді вице-министр.Сонымен қатар ол байланыс желісі де нашарламайтынын атап өтті.
«Қытаймен арадағы тораптар Еуропадан алып отырған трафикті дәл сол көлемде тартуға мүмкіндік береді», - деді А. Оразбек.