Рудный тұрғыны жоғалып кеткен ұлын 20 жылдан кейін тапты. Баланың жақындарына оралуына полицейлер көмектескен. Ол жайында Қостанай облысы полиция департаменті миграциялық қызмет басқармасының аға инспекторы Чингиз Құрманғалиев хабарлады.
Рудныйдың тәртіп сақшылары ресейлік әріптестерімен бірге 50 жастағы ер адамның тұрғылықты мекенжайын анықтады. Осыдан 20 жыл бұрын жоғалып кеткен ол қазір Красноярскіде тұрады. Із-түзсіз жоғалған баланың анасы оның 1991 жылы Красноярға оқуға кеткенін айтты. Содан 20 жылдан астам уақыт бойы хабар-ошарсыз кеткен. Соңғы рет қонаққа 2002 жылы келіпті. Ұлын таппай, амалы таусылған әйел көмек сұрап "Жди меня" бағдарламасына да барған. Екі елдің полиция қызметкерлері бірлесе жұмыс істегеннің арқасында азаматты іздеп тапқан.