Тек әйелдерге арналған тұрғын үй бағдарламасы
Тек әйелдерге арналған тұрғын үй бағдарламасы
Фото: kn.kz
338
оқылды
«Отбасы банк» әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасы бағдарламасына өзгерістер енгізді. Енді отбасының айлық табысы 640 мыңнан аспауы керек. Бұл бағдарламаның бастапқы жарна мөлшері – 15%. Әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасы арқылы жаңа немесе қолданыстағы тұрғын үйді сатып алуға және оны жөндеуге несие рәсімдеуге болады. Ипотеканың шарттары қандай?
  • несие мөлшерлемесі – 13,5%, кейін несие тұрғын үй заемы болып ауысқанда мөлшерлеме 5%-ке дейін төмендеуі мүмкін;
  • бастапқы жарна тұрғын үй құнының 15-тен 50%-ке дейінгі мөлшері;
  • тұрғын үйдің құны 30 миллион теңгеден аспауы керек;
  • ипотеканы 6 айдан 25 жылға дейінгі мерзімге рәсімдеуге болады.
Қандай құжаттар қажет?
  • жеке куәлік;
  • егер әйел некеде болса, онда жұбайының жеке куәлігі және неке туралы куәлігі, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі;
  • жұмыс орнынан соңғы 7-13 айдағы жалақы туралы анықтама;
  • соңғы алты айдағы зейнетақы жарнасы көрсетілген анықтама;
  • кредит бюросынан несие тарихы туралы анықтама;
  • сатып алатын пәтердің құжаттары (сатып алу-сату келісімшарты, техникалық төлқұжат);
  • үйді сатушының жеке куәлігі, егер некеде болса, жұбайының жеке куәлігі.
Баспана жөндеуіне несие рәсімдеу үшін қарыз алушы жоғарыда аталған құжаттардан бөлек мына құжаттарды қоса ұсынады:
  • шығын сметасы – «Отбасы банкі» филиалында берілетін бланкі;
  • пәтердің жөндеуге дейінгі және кейінгі фотосуреттері (өлшемі 10х15 см).
Несие алушыға қандай талаптар қойылады?
  • Қазақстанның кәмелетке толған азаматы болуы керек;
  • тұрмысқа шыққан-шықпағаны маңызды емес;
  • жас аралығы 18 жастан 65 жасқа дейін (соның ішінде 65 жасқа дейінгі жұмыс істейтін зейнеткерлер);
  • тұрақты тіркеу талап етілмейді;
  • соңғы алты айда зейнетақы жарнасы үздіксіз аударылуы керек;
  • егер әйел некеде болса, онда отбасының айлық табысы 640 мың теңгеден аспауы керек. Бұл –зейнетақы жарнасы мен салықты есептемегендегі мөлшерлеме. Ал басқа несиесі мен шығыны есепке алынбайды.
  • тұрақты тіркеудің болуы міндетті емес.
Жылжымайтын мүлікке қойылатын талаптар: кірпіштен салынған үйлер 1961 жылдан бері салынған болуы керек; панельден салынған үйлер 1971 жылдан бастап қолданыста болуы керек; жаңа үйді құрылыс компаниясынан, жеке тұлғадан алуға болады немесе үлескер ретінде иеленуге болады. Несие алу үшін міндетті түрде кепіл болатын жылжымайтын мүлік қажет. Баспана жөндеуіне қанша мөлшерде несие алуға болады? Тұрғын үйді жөндеуге берілетін несиенің ең жоғары сомасы 3,7 млн теңге. Несиенің берілу мерзімі – 10 жыл, кейін тұрғын үй заемына ауысып 15 жылға дейін ұзартуға болады. Жылдық несие мөлшерлемесі –12%. Несие алушы жөндеу жүргізілетін пәтердің иесі болуы керек. Тұрғын үй сатып алуға және сол сатып алған баспананы жөндеуге ортақ бір келісімшарт жасауға рұқсат етіледі. Бұл бағдарламада несие саны шектеулі.  Тек 4 мыңға жуық әйел баспаналы бола алады. Айта кетейік, «Ұмай» – Орталық Азиядағы алғашқы гендерлік жоба. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында ипотека мөлшерлемесін төмендетіп, азаматтарға қолжетімді етуді және гендерлік теңдікті орнатуды тапсырды.