Елімізде биыл әуе билеттерінің бағасы 18 пайызға қымбаттады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында - 45,7%, Маңғыстауда - 43,2% және Түркістан облысында - 34,8%-ке өскен. Тек Ақмола мен Солтүстік Қазақстан өңірінде бұрынғы баға сақталып тұр. Ал Павлодар мен Жамбыл облыстарында ұшақ билеттерінің құны керісінше арзандаған.