Қаңтар оқиғасы: Алматыда 41 қылмыстық іске сот үкімі шықты
Қаңтар оқиғасы: Алматыда 41 қылмыстық іске сот үкімі шықты
233
оқылды

Алматы соттарына қаңтар оқиғасына байланысты 82 қылмыстық іс келіп түсті. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы 5 наурыздағы жағдай бойынша сот қарауында 41 іс бар, ал 41 іс бойынша үкім шығарылды.
«Қаңтар оқиғасына байланысты түскен қылмыстық істердің жартысына сот үкімі шығарылды. Олардың көбі ҚР Қылмыстық кодексінің 188- бабы «ұрлық« бойынша түсті. Азаматтар өз кінәсін мойындап, келтірілген залалды материалдық түрде немесе ұрланған затты кері қайтарды. Өздерінің іс-әрекеттеріне өкінгені үшін соттар оларға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап жатыр. Ол 2 жылдан 4 жылға дейін болып табылады», - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.
Сондай-ақ оның айтуынша, қылмыстарды негізінен жұмыссыз, жас азаматтар жасаған. Олар дүкендерден тұрмыстық техникалар, компьютер, ұялы телефондарды ұрлаған. Қазіргі уақытта қалған қылмыстық 41 іс қарастырылу үстінде.