Бейбіт шеру бүлікке, соңы тонау мен кісі өлтіруге ұласты. Өйткені халықтың билікке талап-тілегін терроршылар тиімді пайдаланып кетті. Ереуілдерге белсенді қатысушылар қатарында діни экстремистер, қылмыстық-криминалдық ортаның өкілдері, ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері болды. «Адал елге арамза молда болғандардың» әрекетінен тиісті сабақ ала алдық па? Қайтпек керек? Қорғанысымызды қайсы тұстан бастау қажет?
Қаңтар қасіретінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың іс-әрекеттерінің үйлесімді сипатына, әкімшілік ғимараттарға, жоғарыда аталған барлық қалалардағы нысандарға мақсатты шабуылдарын мұқият жоспарлағандарына қарап, оларды арнайы дайындықтан өткен кәсіби содырлар басқарды деп айтуға болады. Қарулы бандиттердің жалғыз мақсаты мемлекеттік органдарды жою, конституциялық құрылысты бұзу және сайып келгенде билікті басып алу болды. Шабуылшылар ештеңеге тоқтамады, олар полиция қызметкерлерін де, әскери қызметшілерді де аяусыз ұрып-соқты, өлтірді, полиция шабуылдаушыларға лайықты тойтарыс бере алмады, оларда қару-жарақ жоқ, ал арнайы құралдар – шу гранаталары, көзден жас ағызатын газдар мен су лақтыратын көліктер қолданылмады. Өйткені оларды бірден бандиттер басып алды. Бірақ қарулы экстремистер Алматы полиция департаментінің ғимаратын шабуылдап басып алуға тырысқан кезде тиісті тойтарыс алды.
Содырлардың лаңкестік әрекеттерге мұқият дайындалғаны және жоспарлағаны, сондай-ақ оған шетелдік жақтаушылардың қатысуы мына бір фактіден айқын аңғарылады: олар жараланғандарды қалдырмай, мәйітханаға түскен мүрделерді де ұрлап кетті. Яғни бұл батыстық арнайы қызметтер қолданатын Террористік агрессияны жүргізу әдістері.
[caption id="attachment_187336" align="alignnone" > ©tengrinews.kz[/caption]
Елімізде содырлардың ұяшығы бар болғанына қарамастан мемлекет бейқамдық танытуы салдарынан орын алған қаңтардағы қайғылы оқиғалардың басты себебі – бұл құқық қорғау және күштік құрылымдар жұмысының бытыраңқылығы, әр органның өз ерекшелігін көрсетуге деген ұмтылысы, «аға құрылым» ретінде өзгешеленіп, өзіне тән емес міндеттерді мойнына алуы. Ведомствоны қаржыландыру, материалдық-техникалық жарақтандыру, лауазымдық жалақы және әскери және арнаулы атақтар үшін ақы төлеу бойынша тиісті артықшылықтарды иеленуге тырысады. Мәселен, әлі күнге дейін Нұр-Сұлтан қаласы Полиция депрартаменті мен Алматы, Сарыарқа ауданы Полиция бөлімдерінің, Патрулдік-посттық қызметі полкінің арнайы ғимараттары жоқ. Бұл бөліністер өткен ғасырдың 60 жылдары салынған ғимаратта орналасқан. Ал Есіл ауданының Полиция бөлімі екі жеке үйді жалға алып отыр. Дәл осы себептен «Сұңқар» арнайы жасаған ұзақ уақыт бойы астанаға ауыстыра алмады. Өйткені олардың да арнайы полигоны, әскери дайындығы мен мүмкіндіктерін шыңдайтын атыс нысандары болмады. Ал өзге құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдар қазіргі заманғы ғимараттарда, қайтадан жабдықталып салынған нысандарда орналасқан.
Осындай кемшіліктердің салдарынан біз жауынгерлік техниканың, арнайы бөлімшелер санының жетіспеушілігінен жаппай тәртіпсіздіктер орын алған өңірлерді толық қорғауды қамтамасыз ете алмадық. Сондықтан Мемлекет Ұжымдық қауіпсіздік шарты бойынша өз әріптестеріне бітімгершілік контингентін жіберу туралы өтініш білдірді, бұл қолда бар күштерді қайта топтастыруға және арнайы жасақтардың қосымша бөлімдерін Алматыға ауыстыруға және қаланы құтқаруға мүмкіндік берді. ҰҚШҰ-нің бітімгершілік жасақтарынақты белгіленген міндеттерді орындағанын атап өту қажет. Олар стратегиялық объектілерді күзету, кеңес беру және қолдау көрсету міндеттерін атқарды. Содан кейін ағымдағы жылдың 19 қаңтарына қарай өздерінің тұрақты орналасқан жерлеріне аман-есен оралды.
Сондай-ақ құқық қорғау және күш құрылымдарының арнайы бөлімшелерінің әртүрлі діни-экстремистік, ұйымдасқан қылмыстық топтар және тағы басқа жағдайлар бойынша келіп түскен хабарламалар арқылы өзара жедел жағдай туралы ақпаратпен алмасудың болмауы да жағдайды ушықтырды. Бұл жұмыс тәжірибесі жаңа емес, ол бұрын болған. Мысалы, Ақмола облысы ІІБ-ның бастығы болып істеген кезде Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, Көлік полициясының тиісті жедел қызметкерлерінің қатысуымен өткізілетін арнайы кеңестерде біз жедел жағдай туралы қолда бар мәліметтермен алмасып, оларды іске асыру бойынша бірлескен шаралар қабылдайтын едік.
Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде барлық құқық қорғау органдарын, арнайы қызметтерді, қарулы күштерді, кеденді және басқаларын қайтадан жасақтаудың түрлі тәсілдері талқылануда. Осы тұрғыдан алғанда, алдағы реформалар Қарулы күштердің, құқық қорғау күштерінің, Ұлттық қауіпсіздік органдарының бір мақсат жолында – біздің азаматтарымызды, конституциялық құрылысты және егемендікті кез келген сипаттағы және ауқымдағы қауіп-қатерлерден барынша тиімді қорғау үшін үйлесімді, ұтқыр, жаппай жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл реформаны атқару кезінде атауды өзгерту, міндеттерді қайта бөлу, мысалға ІІМ-нен қылмыстық-атқару жүйесін бөліп шығарып, жаңа құрылым құру сияқты бұрын қолданылған шаралармен шектелмеген дұрыс.
Реформалық өзгерістер арнайы мақсаттағы бөлімшелерді саны және сапалық жағынан нығайтуды, олардың жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілет деңгейін арттыруды, бірлескен жауынгерлік дағдыларды жасақтауды, барлық күштік құрылымдарды қорғаудың және шабуыл жасаудың тиімді құралдарымен жарақтандыруды қамтамасыз етуге тиіс.
Қаңтар оқиғаларын тергеуді қазіргі уақытта ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жүргізуде. ІІМ Тергеу департаментінің мәліметінше, министрлікте 2000-нан астам қылмыстық іс, Бас прокуратурада 3000-ға жуық қылмыстық қаралуда.
Қаңтар оқиғасына байланысты уақытша ұстау изоляторына қылмыс жасады деген күдік бойынша 900-ге жуық адам қамауға алынды, оның ішінде 200-ден астамы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 8 адам іздеуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаңтар оқиғасына қатысушылар 1500-ге жуық жауынгерлік қаруды иемденіп кеткен, аңшылық дүкендерінен 1700-ден астам қару ұрланды, 700-ге жуық қызметтік автокөлік, оның ішінде 600 полиция автокөлігі, өрт сөндіру машиналары мен жедел жәрдем машиналары зақымданды.
Ө.БОЛСАМБЕКОВ, ІІО және ҰҰ ардагерлері қазақстандық кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры