Дужновтың ісі сотқа жолданды
Дужновтың ісі сотқа жолданды
Алматыда бірнеше адамға оқ атқан Игорь Дужновтың ісі сотқа жолданды. Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасынның мәліметінше, атышулы қылмыскердің ісін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайды. Еске салайық, былтыр 20 қыркүйек күні Алматыда жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі оқ атқан еді. Атыс кезінде бес адам оққа ұшқан болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, бірнеше адамның қанын мойнына жүктеген қаніпезер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.