Air Astana әуекомпаниясының ұшақтары енді Ресейге ұшпайтын болды.
"Air Astana Ресей Федерациясына және оның аумағында коммерциялық ұшуларды сақтандырудың тоқтауы себепті осы бағыт бойынша барлық ұшу тоқтатылады", – деп хабарлады компания. Компания мәліметінше, әуекомпаниясы рейстерді тезірек қалпына келтіру мақсатында қазір Қазақстан үкіметімен осы мәселелерді шұғыл түрде қарастырып жатыр.