Иманғали Тасмағамбетовтің тергелетіні рас па?
Иманғали Тасмағамбетовтің тергелетіні рас па?
171
оқылды

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Бас прокуратура ведомствоаралық жедел-тергеу тобының Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тергеу жүргізетіні жайлы хабарлады.

Оның ішінде журналист Михаил Козачков та бар. Ол Алматы мен Астана әкімі болған, Қорғаныс министрі лауазымын атқарған Иманғали Тасмағамбетовтің сол қызметтерде жүрген кезінде жемқорлыққа қатысы бары жайлы мәлімдемелерді тексерілетінін жазды. Тіпті, Чиновник KZ телеграм-каналы экс-саясаткер Иманғали Тасмағамбетовті тексеруге қатысты Бас прокуратурада ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғанын растағандай болды. Осының анық-қанығын білу үшін тілшілер Бас прокуратураның баспасөз қызметіне хабарласқан. Олардың сөзінше, әзірге Бас прокуратура Тасмағамбетовке қатысты ақпаратты құпия ұстап отыр. Ведомствоның баспасөз қызметі Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүретінін растаған жоқ, бірақ жоққа да шығармады. Бұл жайында Halyq Uni хабарлады. Естеріңізде болса, Иманғали Тасмағамбетов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ең алғашқы көмекшілерінің бірі болған. Өзінің саяси мансабында Білім және ғылым министрі, Қорғаныс министрі, Президент әкімшілігінің жетекшісі, Мемлекеттік хатшы, үш рет әкім, төрт рет әртүрлі премьер-министрлердің орынбасары, бір рет премьер-министр қызметін атқарды. Соңғы қызметі Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі еді.