Партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Тараз қалалық филиал өкілдері бірқатар нысанды аралап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қандай жағдай жасалғанын тексерді. Жұмыс тобының сапында қалалық мәслихаттың депутаттық фракция мүшесі А.Дәулетбаева және қалалық әкімдіктің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері бар. Олар «Фармир» дәріханасы, Жамбыл облыстық тіс емдеу емханасы, Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, «Халық банк» филиалында болды. Тексеріс барысында мүгедектерге арналған автотұрақтар мен пандустардың, дыбыстық шақырту құрылғылары мен тактильді плиткалардың, мүгедектерге арналған санитарлық бөлмелердің жайы қаралып, бірқатар мекеменің басшысына ғимараттың мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажетіне сай жасақталуы бойынша ұсыныс берілді.