Бас прокуратура "Тасмағамбетовке қатысты тергеу туралы" хабарламаға түсінік берді
Бас прокуратура "Тасмағамбетовке қатысты тергеу туралы" хабарламаға түсінік берді
© РИА Новости / Игорь Руссак
151
оқылды

Бас прокуратура "Тасмағамбетовке қатысты тергеу туралы" хабарламаға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының Иманғали Тасмағамбетовке қатысты оның "Астана LRT" ЖШС-дағы ұрлыққа қатыстылығы дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатқан болуы мүмкін екені туралы хабарлама тарап жатыр. Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды", - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілдері.
Олар қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.