Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль қоржынға түсті.
Ел құрамасынан Кұралай Егінбайқызы (80 келі) үндістандық Хуши Пуниямен қолғап түйістірді. Шаршы алаң төрінде қазақстандық боксшының басымдығы байқалып тұрды. Нәтижесінде төрешілер шешімімен ол қарсыласын 4:1 есебімен тізе бүктірді.
Бұған дейін 66 келіде сынға түскен Аружан Жаңабаева иорданиялық Нуха Аль-Зубидіжеңіп, алтын алған еді.