АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама коронавирусқа шылдықты. Бұл жайында ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
– Covid-қа тест тапсырып едім, жаңа ғана оң нәтижесін көрсетті. Тамағымның ауырғанына бір-екі күндей болды. Басқа жерім мазалап тұрған жоқ. Әзірге жақсымын, – деп жазды ол. Ал әйелі Мишельдің коронавирусқа тесті теріс нәтиже көрсетті. Обаманың айтуынша, әйелі екеуі қайта вакцина алған. Сол себепті америкалықтарды инфекцияға қарсы екпені қайта алуға шақырды.