Бұл жайында Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Заңғар Нұрланұлы – 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды. Сонымен қатар ол Словакияда өткен Tennis Europe сериясының Baseline Open турнирінің абсолютті чемпионы болды. Финалда Заңғар екі жарым сағатқа созылған үш сеттік кездесуде Словенияның өз жасындағы бірінші ракеткасы Зиго Сешконы 3:6, 6:2, 7 есебімен жеңді. – Әрине, жеңісті тойлаймын. Бірақ қазір демалатын уақыт емес. Алда жоспар көп. Сол себепті жаттығуды жалғастыру керек. Аздап демалған соң, Португалияда өтетін супер санаттағы турнирге қатыспақпын. Одан кейін Ұлттық құрамамен Үндістанға барып, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына қатысамын. Бұл мен үшін өте жауапты ойын болмақ. Өйткені Ұлттық құрамадағы дебют кез келген жанның өміріндегі есте қалатын тәтті сәттердің бірі емес пе?, – деді Заңғар Нұрланұлы. Словакиядағы чемпиондық атақ жас қазақстандық теннисші үшін жекелей мансабындағы бесінші және 2022 жылғы екінші титул болды. Бір күн бұрын Заңғар жұптық сайыста Baseline Open турнирінің жеңімпазы атанған болатын.