Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады. Бұл жайында ел басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

– Барша Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтаймын. Ықылым заманнан бері бабаларымыз бұл күнді «Амал келді, жыл келді» деп ерекше қуанышпен қарсы алған. Дәстүр бойынша осы күні қыстан аман шыққан жұртымыз төс қағысып көріскен. Жыл мерекелі де берекелі болсын!, – деп жазды Мемлекет басшысы.