Қасым-Жомарт Тоқаевтың студенттік шағындағы фотосы тарады
Қасым-Жомарт Тоқаевтың студенттік шағындағы фотосы тарады
269
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың студент кезінде түскен суреті жарияланды. 

"Президент жалпы газет-журналды жас кезінен көп оқиды. Мына фото Қасым-Жомарт Кемелұлының студенттік шағынан. Мәскеу қаласы, ММХҚИ жатақханасы, 1975 жыл", – деп жазылған суреттің тұсында.
Сондай-ақ, президенттің жуырда берген сұхбатынан үзінді келтірілген.  width=
«Мерзімді баспасөзді үзбей қараймын. Бұл – менің бұрыннан қалыптасқан дағдым… Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін».
Президенттің сұхбатынан үзінді 17 ақпан, 2022 жыл