Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде екі полиция департаменті мен ҰҚК-нің үш департаментінің басшылары ғимараттарды қаруымен тастап кеткен. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов хабарлады.
– 5 қаңтарда Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары бойынша ҰҚК екі полиция департаменті мен үш департаментінің басшылары өз ғимараттарынан, оның ішінде қару-жарақтарды қалдырып, шығып кеткені анықталды. Аталған фактілер бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша тергеу әрекеттерінің негізгі көлемі аяқталды. Алматы ҰҚКД бастығы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды, – деді Берік Асылов. Бас прокурордың айтуынша, қазір басқа тұлғаларға қатысты айғақтар жиналып, сарапталып жатыр. Сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшылығының өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс тергелуде. Экс-министр қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.