Індетке шалдыққандар саны азайды
Індетке шалдыққандар саны азайды
175
оқылды
Елорданың тағы бір сауда орталығында егу пункті жабылды. Аsia Park СОО-да орналасқан егу пункті бүгіннен бастап қала тұрғындарын індетке қарсы вакциналау және ревакцинациялау жұмыстарын тоқтатты. Азаматтарды коронавирусқа қарсы вакцинациялаумен жаппай қамту үшін аталған сауда орталықта вакцинациялау пункті өткен жылдың жазында ашылған. Бүгінгі күні қала тұрғындары екпені 26 алғашқы көмек көрсету ұйымдарында, «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалында, үш сауда кешенінде – «Керуен» СОО, «Абу-Даби Плаза» және «Еуразия» СҮ-де ала алады.