Олимпиада чемпионын жеңді
Олимпиада чемпионын жеңді
264
оқылды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Индиан-Уэллс мастерс турнирінің үшінші айналымына өтті. Жүлде қоры 8,5 АҚШ долларынан асатын жарыстың 31-ракеткасы болып тіркелген Бублик екінші айналымда «Үлкен дулыға» турнирінің үш, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Энди Марреймен кездесті. Айта кетейік, биыл Александр Бублик Роттердамда ұлыбританиялық теннисшіден жеңіліп қалған еді. Бұл жолы екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандық теннисші қазір рейтингте 88-орында тұрған атақты қарсыласын 7:6 (11:9), 6:3 есебімен жеңіп, есе қайтарды. Александр матч барысында 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Маррей 4 эйспен ғана шектелді. Енді Бублик үшінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, болгариялық Григор Димитров немесе рейтингте 78-сатыдағы аустралиялық Джордан Томпсонның біреуімен шеберлік байқасады.