Александр Бублик: Ертең не боларын – ертең көреміз
Александр Бублик: Ертең не боларын – ертең көреміз
Сурет: olympic.kz
239
оқылды

Осло теннис аренасындағы бірінші сеттің екінші ойынында электр қуаты өшіп, төреші матчты 10 минутқа тоқтата тұруға мәжбүр болды. Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында қазақстандық теннисші Александр Бублик электр қуатының өшуі оның көңіл-күйіне әсер етпегенін айтты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

"Егер бұл тай-брейк кезінде болса, мүмкін екеуіміздің біреуімізге кедергі келтіретін бе еді. Бірақ бұндай жағдайлар болып тұрады, қарсыластардың екеуіне де әсер етеді, сондықтан біз жағдайды барабар қабылдауға тырысуымыз керек. Виктор жақсы ойнады, кейбір сәттерде біраз уайымдады. Мен өз кезегімде ойынды ұштастырып алып кетіп отырдым, сондықтан матчтың бейнесі жалпы анық болды. Ертең не боларын, ертең көреміз", - деп қорытындылады ол.