Сенат бюросының отырысы өтті
Сенат бюросының отырысы өтті
185
оқылды
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен бюро отырысы болды. Онда палатаның биылғы 17 және 31 наурызға жоспарланған отырыстарының күн тәртібі бекітілді. Депутаттар 17 наурыздағы Сенат отырысында «Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарауды жоспарлап отыр. Келісімнің мақсаты – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында өзара құқықтық көмек көрсету, оның ішінде азаматтығының болуы немесе болмауы, көші-қон есебіне қою, виза беру, жеке басын куәландыратын құжаттар және басқалар туралы ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін құру. Сенаттың 31 наурызда өтетін отырысында депутаттар «Толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыс туралы конвенцияны (175-конвенция) ратификациялау туралы» заң жобасын қарайтын болды. Бюро отырысында, сонымен қатар Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.