«Есірткі дүкенін» ашқан зейнеткер
«Есірткі дүкенін» ашқан зейнеткер
257
оқылды
Ақмола облысында «есірткі дүкенін» ашқан зейнеткер ұсталды. 63 жастағы азамат жалдамалы пәтерде қылмыспен айналысқан. Пәтерді тінту кезінде жалпы салмағы 16 келіден асатын кептірілген марихуана салынған қап, екі полиэтилен пакет және 353 газет түйіншегі табылды. Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 300 мың теңге және 1200 АҚШ доллары сомасындағы ақша тәркіленді. Қазір күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3 бөлігі «аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Күдікті есірткі сатқаны үшін бұған дейін де істі болған.