Маусым айына қарай коронавирусқа шалдыққандардың саны азаяды. Сөйтіп коронавирус пандемиясы аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Гамалея орталығының бас ғылыми қызметкері, вирусолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Альтштейн мәлімдеді.
Альштейннің айтуынша, әлемде COVID-19 ауруы біртіндеп төмендеп келеді. Бүгінде коронавирусқа қатысты жағдай осыдан екі жыл бұрынғыдан мүлде басқа. Сол себепті де жақын арада бұл індеттен құтылуымыз мүмкін деп есептейді вирусолог. – Қазір екпе алған адамдар өте көп. Мәселен, бізде 50 пайыздан астамы вакцина алған. Бұл дертпен сырқаттанғандар да өте көп. Осыған қарап-ақ, індеттің беті қайтады деуге болады. Менің ойымша, маусым айына дейін бәрі басылады, – деді Анатолий Альштейн.