Барак Обама коронавирусқа шалдықты
Барак Обама коронавирусқа шалдықты
©www.gazeta.ru
172
оқылды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама коронавирусқа шылдықты. Бұл жайында ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

– Covid-қа тест тапсырып едім, жаңа ғана оң нәтижесін көрсетті. Тамағымның ауырғанына бір-екі күндей болды. Басқа жерім мазалап тұрған жоқ. Әзірге жақсымын, –  деп жазды ол. Ал әйелі Мишельдің коронавирусқа тесті теріс нәтиже көрсетті. Обаманың айтуынша, әйелі екеуі қайта вакцина алған. Сол себепті америкалықтарды инфекцияға қарсы екпені қайта алуға шақырды.