Шымкент тұрғындары Ұлыстың ұлы күніне орай «Қошқар Ата сейілі» атты көктем мерекесін тойлады. Мерекелік бағдарламада палуандар сайысы өтті.
Сол сайыста күш сынаған палуандар дүйім жұртты таңғалдырды. Әсіресе, 45 келілік қошқарды мойнына салып көтергендер аз болмады. Оза шапқан Көкбұлақ мәдениет үйінің әдіскері болды. Ол Қамбар ата төлін 47 рет көтеріп, қарсыластарын шаң қаптырды. Жеңімпаз сол көтерген малын сыйлыққа алды. Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлады.