Украинада соғыс жағдайы тағы бір айға ұзартылады
Украинада соғыс жағдайы тағы бір айға ұзартылады
©inbusiness.kz
160
оқылды

Бұл туралы украин парламентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Владимир Зеленский Жоғарғы Радаға тиісті заң жобасын енгізді. Негізі соғыс жағдайының қазіргі мерзімі 26 наурызда аяқталуға тиіс еді. Алайда президенттің 90 күнге арналған Жарлығы Украинаның барлық елдімекендерін қамтиды. Қазір іскер жасындағы барлық ер-азаматтарға елден кетуге тыйым салынған. Бүгінгі күнге дейін Украинадан 3 миллион адам көшіп кеткен.