Мүгедектікке берілетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері белгілі болды
Мүгедектікке берілетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері белгілі болды
©zakon.kz
159
оқылды

Елімізде жыл басынан бері мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы түрінде 69,3 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Бұл туралы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Олардың мәліметінше, 1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 69,3 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Оның ішінде 2022 жылдың ақпан айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге – 27,3 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты 7,4 млрд теңге жұмсалған. Мүгедектікке берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 51 731 теңге, асыраушысынан айырылу жағдайында 43 268 теңге болды. Ведомствоның хабарлауынша, биыл әлеуметтік жәрдемақы алушының саны 527,4 мың адамға, асыраушысынан айырылғандар 171,9 мың адамға жеткен.