«Түйеқұс саясатымен айналыспаңдар» - ШҚО әкімі Даниал Ахметов қала, аудан әкімдерін халыққа жақын болуға шақырды
«Түйеқұс саясатымен айналыспаңдар» - ШҚО әкімі Даниал Ахметов қала, аудан әкімдерін халыққа жақын болуға шақырды
292
оқылды
«Түйеқұс саясатымен айналыспаңдар. Әр ауылға барып, тұрғындарының өзекті мәселелерін анықтау керек». Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қала мен аудан тұрғындарының алдындағы кездесуін қорытындылап, нәтижесіне саралаған жиында осылай деді. ШҚО Ақпараттық орталығының хабарлауынша, биылғы сәуір айына дейін облыста әрбір елдімекенге басқарма басшылары, ШҚО әкімінің орынбасарлары және қалалар мен аудандар әкімдері қатарынан кураторлар бекітілетін болады. Алдағы үш жылға кураторлар тағайындалып, олар қалыптасқан жағдайға сәйкес жекелеген елдімекендерді дамытудың нақты жоспарын әзірлеуге тиіс.