Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан командасының бас бапкері Сергей Воронов қызметінен кететін болды. Оның келісімшарты 31 наурызда аяқталмақ.
Воронов бұл қызметте бар болғаны жеті ай ғана отырды. Жаңа бас бапкер кеше Қазақстан коньки федерациясының онлайн отырысында сайланды. Енді бұл қызметті Әсем Қасанова атқарады.
Негізі, Сергей Воронов отандық жаттықтырушы емес. Ресейдің екі дүркін чемпионы (2008/2009) болып, 2014 жылы Еуропа чемпионатының күміс жүлдесін алған. Соңғы рет 2015 жылы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды.