Сот Мәскеуде Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс бойынша қазылар алқасын таңдауды кейінге қалдырды
Сот Мәскеуде Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс бойынша қазылар алқасын таңдауды кейінге қалдырды
©tengrinews.kz
178
оқылды

Мәскеу қазақстандық МГИМО студенті Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс бойынша қазылар алқасын таңдай алмады. Измайловский аудандық соты бұл процесті 29 наурызға қалдырды. Бұл туралы Мәскеу жалпы юрисдикция соттарының Telegram арнасы хабарлады.

2022 жылғы 15 наурызда Мәскеу қаласының Измайловский аудандық соты 2018 жылдың көктемінде МГИМО студентін өлтірді деп айыпталған М.М.Меджидовке қатысты қылмыстық іс бойынша алқабилерді іріктеуді 2022 жылғы 29 наурызға қалдырды. Сотталушы М.М. Меджидов адвокаттары М.В. Есендиров пен Ш.Б. Яндарбаевтың қызметінен бас тартты. Сонымен қатар аты аталған адвокаттар ешқандай себепсіз сот отырысына келмеді» делінген хабарламада. Естеріңізде болса, 9 ақпанда іс бойынша күдікті Муртузали Меджидовтың сотқа келмеуіне байланысты отырыс кейінге шегерілген болатын.