Түркістан облысының екі ауданында – Мақтаарал мен Жетісай елдімекендерін су басты. Бұл жайында BaigeNews.kz S хабарлады.
Қазір 100-ге жуық төтенше жағдай құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. Олар су басқан оншақты ауланы мотопомпаның көмегімен құрғатты. Әзірге 2,5 мың текше метр су шығарылды. Мамандар су тасқынының болуы жаңбыр мен жер асты суының көтерілуі деп болжап отыр.