Түркістан облысында қорықшы соққыға жығылды
Түркістан облысында қорықшы соққыға жығылды
©24.kz
181
оқылды

Түркістан облысының Жетісай қаласында қорықшыны бір топ жас жігіттер жабылып сабап кеткен.

«Хабар 24»-тің хабарлауынша, оқиға түнгі 23:00 шамасында болған. Алдымен жас жігіттердің бірін белгісіз біреу ұрып кеткен. Кейін ол достарын шақырып, әлгілерді іздеп, соққыға жыққан. Сөйтсе қорықшыны солардың бірімен шатастырып алған. Қазір күдіктілерге қатысты бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің барлығы қолға түскен.